Кіріс пен шығысты есептейтін бағдарламалардың пайдасынан зияны көп – қаржы кеңесшілері

Егер сіз көп қаржы үнемдеп, көп қаржы жинауды мақсат етсеңіз, сізге басқа стратегия қажет.

Кіріс пен шығысты есептейтін бағдарламалардың пайдасынан зияны көп – қаржы кеңесшілері
сурет: adamsontrustee.com
813

Банк қосымшалары, несие карталары бойынша үзінді көшірмелер арқылы шығындарыңызды бақылау көп уақыт алуы мүмкін. Осылайша, кіріс-шығысты есептейтін мобильді қосымшалар танымал бола бастады. Дегенмен, businessinsider.com  қаржылық басылымы кіріс пен шығысты есептейтін бағдарламалардың пайдасынан зияны көп деген тұжырымды жариялаған.

Америкалық қаржы терапевті және "Эмоционалды инвестициялар" подкастының жүргізушісі Аманда Клейманның айтуынша, кейбір адамдар бюджет қосымшаларын пайдалы құрал ретінде қарастырғанымен, олар ұзақмерзімді перспективада ақша үнемдеудің ең жақсы тәсілі деп айтуға келмейді. Сарапшының айтуынша, бұл қолданбалар сізді ақша жұмсауға мәжбүр етеді. Яғни сіз, бәрін жазып отырғаныңызбен, аяқ астынан керексіз зат сатып алу секілді дағдыларды қоя алмайсыз. Қолданба сізге бұл жағдайда көмектесе алмайды.

Егер сіз көп қаржы үнемдеп, көп қаржы жинауды мақсат етсеңіз, сізге басқа стратегия қажет. 

Сарапшылардың пікірінше, ақша жинаудың ең жақсы тәсілі – қажетсіз нәрсені сатып алуға деген әуестікті тыю үшін өз-өзіңізбен жұмыс істеу.

Серіктес жаңалықтары