Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылдың 15 қазанында жекпе-жекке шығып еді.
Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Nur.kz сайтының мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы әлі белгісіз. Әлімханұлына қарсыласы болуы мүмкін боксшылардың бірі – WBC белбеуінің уақытша иегері Карлос Адамес (23-1, 18 КО).
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылдың 15 қазанында жекпе-жекке шығып, Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді. Осылайша, WBO және IBF ұйымдарының чемпиондық белбеулерін ұтып алды.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуінің иегері, Куба өкілі Эрисланди Лараны жекпе-жекке шақырды.