Талдықорған полиция басқармасының экс-басшысы сотталды

оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте Сот үкімімен оған қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Талдықорған полиция басқармасының экс-басшысы сотталды
Марат Күштібаев. Фото: zhetysu.gov.kz
835

Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі шықты,

Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада Күштібаев Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бастығы бола тұра, басқарма ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.

Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбайтындықтан, іс жабық сот отырысында қаралады.

Осы баптың санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот үкімімен Күштібаев ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес Марат Күштібаев «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2024 жылдың 30 сәуірінде мемлекеттік айыптаушы Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Күштібаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Серіктес жаңалықтары