ШҚО-да мас күйдегі әйел өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен

Ұсталған әйел қылмыс жасағанын мойындаған.

ШҚО-да мас күйдегі әйел өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен
rtek24.ru
736

Өскеменде мас күйдегі әйел өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, жүргізушіні ізін суытпай ұстаған тәртіп сақшылары алысқа кетуіне мүмкіндік бермеген. 

«Таңғы сағат 5:00-де Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны жақын танымайтын қыздың оның Toyota Progres көлігін заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы хабарлап, өтінішпен жүгінген», - делінген хабарламада.

Камералардың көмегімен полиция қызметкерлері көліктің бағытын анықтаған. Ұстауға жіберілген патрульдік полиция экипажының қызметкерлері оның ізіне түсіп, көлік жүргізушісін ұстады. 

«Оның тізгінінде орташа дәрежедегі масаң күйдегі 27 жастағы қала тұрғыны болған. Қылмыс үстінде ұсталған әйел қылмыс жасағанын мойындаған», - делінген хабарламада.

Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары