723
Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
Еліміздегі халықтың 70 пайыздан астамы (14 220 321) қазақ ұлтынан тұрады
2024 жылдың басындағы статистика бойынша, Қазақстанда халық саны 20 033 842 адам. Еліміздегі халықтың 70 пайыздан астамы (14 220 321) қазақ ұлтынан тұрады, деп хабарлады turkystan.kz.
Skifnews.kz ақпарат порталының дерегінше, Қазақстан халқының жартысынан астамы (12 451 192 адам) қалада тұрады, ауылдарда тұратын адамдардың саны – 7 582 650.
Сонымен, елімізде қазақтардың үлесі – 70,9 пайыз;
Орыстар – 14,8%;
Өзбектер – 3,2%;
Украиндар – 1,8%;
Ұйғырлар – 1,5%;
Немістер – 1,1%;
Татарлар – 1,0%;
Әзербайжандар – 0,7%;
Корейлер – 0,6%;
Түріктер – 0,4%;
Дүнгендер – 0,4%;
Беларустар – 0,3%;
Тәжіктер – 0,2%;
Күрдтер – 0,2%;
Қырғыздар – 0,1%;
Ұлтын көрсетпегендер – 0,3%;
Басқа этностар – 0,2%;
Еске салсақ, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.