812
Көкшетауда дәрігерге дөрекілік танытқан әйелге үкім шықты
Әйел адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сот Көкшетау тұрғынын медициналық қызметкерге көрсеткен дөрекі қылығы үшін қамауға алу туралы үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Azattyq Ruhy агенттігінің мәліметінше, Көкшетау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты учаскелік емхананың медицина қызметкеріне құрметсіздік көрсету туралы істі қарады.
Сот барлық мән-жайларды зерделей келе, Көкшетау қаласының тұрғынын Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 80-1-бабының 2-бөлігімен – «Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау» бойынша кінәлі деп таныды.
Әйел адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.