1058
"Мал таситын пойызға тиеп алып келді": Жеті жасында Қазақстанға көшуге мәжбүр болған корей ұлтының өкілі қазақстандықтарға алғысын жеткізді
173 мың корей жұртын мал таситын пойызға тиеп алып келді
Корей ұлтының өкілі Май Хван Қазақстанға депортацияланғандармен бір нанды бөлісіп жеп, үйіне кіргізген қазақтарға шексіз алғысын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.
«173 мың корей жұртын мал таситын пойызға тиеп алып келді де, жолай қай жерге пойыз тоқтайды, сол жерлерге біртіндеп топ-топ етіп корейлерді тастап жүре берді. Сөйтіп, корейлер шашылып қалды. Жапан дала, қақаған қыс еді. Мен ол кезде 7 жасар баламын. Аш, жалаңаш далада қалған корейлерге қазақтар көмектесіп, аман алып қалды», – дейді депортация куәгері.