Жаңбыр, бұршақ, жел: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша бүгінге, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Жаңбыр, бұршақ, жел: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы
Pixabay
1044

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, соның ықпалынан шығыста жаңбыр жауады. Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 1-3 градус аяз күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстік, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Серіктес жаңалықтары