Маңғыстау облысында әйелін балағаттап, қылқындырған ер адам 10 тәулікке қамалды

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Маңғыстау облысында әйелін балағаттап, қылқындырған ер адам 10 тәулікке қамалды
Pixabay
1203

Маңғыстау облысында әйелін балағаттап, қылғындырған ер адамға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 Түпқараған аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

«Түпқараған аудандық сотында 2024 жылы 8 наурызда С.Шапағатов ауылы тұрғыны азамат Е. әйелі Н-мен сөзге келіспей қалып, оны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, бір қолымен мойнынан қылғындырып, тән ауруына ұшыратып, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған күш қолданған. Сот қаулысымен Е-ға ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген.

Серіктес жаңалықтары