230 млн теңгенің майнинг фермасын Ресейге өткізбек болғандар ұсталды

Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

230 млн теңгенің майнинг фермасын Ресейге өткізбек болғандар ұсталды
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
931

 Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Қайрақ» өткізу бекетінде құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Департаменттің мәлеметінше 2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген «А» ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысты. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Мемлекеттік кірістер департаменті «Ерекше тауарларды бақылау туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады», - делінген Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

 

Серіктес жаңалықтары