Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев айтты

Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
depositphotos.com
645

Алматы әуежайында есірткі тұтынған Air Astana әуе компаниясының ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова ІІМ өкіліне «Осыдан 1 апта бұрын ірі әуе компанияның ұшқышы ұсталды. Ол есірткі тұтынған. Жалпы әуе, теміржол, қоғамдық көлік тасымалы саласында қанша адам есірткіге тәуелді? Тізім бар ма?» деген сұрақ қойды.

Айдос Рысбаев іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

«Есірткі тұтынып ұсталған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат береміз. Жалпы ұшқыштар, жүргізушілер рейске шығар алдында медициналық тексерістен өтеді», - деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында Air Astana әуе компаниясының ұшқышы есірткіге мас күйде ұсталғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары