«Балалар анасын оята алмаған»: Ақтөбелік келіншекті бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен

Қайғылы оқиға 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні болған. Сол кезде кішентай балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқан.

«Балалар анасын оята алмаған»: Ақтөбелік келіншекті бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен
Фото: Марқұм Айбану. Дина Таңсәрі парақшасынан алынды
1527

Ақтөбе облысының Сарыкөл ауылында үш баланың анасын бұрынғы күйеуі аса қатігездікпен өлтірген, деп хабарлады turkystan.kz  порталы Bugin.kz сайтына сілтеме жасап.

Айбану күйеуімен 2022 жылы заңды түрде ажырасып кеткен. Оған қоса балаларымен араласпай, өзге әйелмен отбасы құрған. Ер адам 2 жылдан соң марқұм Айбанумен кездесуге келген. Айбану жылы қарсы алып, шәйнекке су құйып, газға шәй қоймақ болған. Бұрынғы күйеуі оның теріс бұрылған сәтін пайдаланып, қылқындырып өлтірген.

"Бұрынғы күйеуі Айбануды өлтіруді мұқият жоспарлап келген. Айбану балаларымен Сарыкөл ауылында тұрған. Күдікті келген таксисіне ауыл сыртында күте тұруын өтініп, қылмыс жасаған. Алдын ала болжам бойынша ер адам жылжымайтын мүлікті бөліскісі келмегендіктен болуы мүмкін. Ер адам бәрін саналы түрде жасаған",-деп жазды “Не молчи” қорының төрайымы Дина Таңсәрі.

Марқұмның туыстары Айбанудың материалдық қиыншылыққа байланысты ауылда тұрғанын айтады. Ерлі-зайыптының некедегі уақытында ортақ пәтері болған. Марқұм қиналған сәтінде күйеуіне сол мүлікті бөлісуді ұсынған. Күдікті қылмысын жасап болған соң, қайтадан сол таксиге отырып, ізін суытқан.

Күдікті балаларын марқұммен бір үйде қалдырған. Таңертең балалар анасын оята алмаған. Қазір балалар марқұмның туыстарының қарауында. Олар әлі анасын күтіп жүр екен.

 

Серіктес жаңалықтары