654
Атырау облысында еріктілердің бірін сарышаян шағып алды
Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.
Атырау облысындағы су тасқынын тоқтату жұмыстарына атсалысып жүрген еріктілердің бірін сарышаян шағып алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған өңірде қызмет атқарып жүрген Шымкент қаласы ТЖД "Апаттар медицинасы орталығы" ММ құтқарушы-дәрігерлері зардап шегушіге шұғыл көмек көрсеткен. Жәндік еріктінің сол қолын шағып алған. Қазіргі сәтте ол Атырау қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.