«Ең жақын досың – өмірлік серігің»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (ВИДЕО)

Танымал тележүргізуші анасының ақыл–кеңес айтқан видеосын жариялады.

«Ең жақын досың – өмірлік серігің»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (ВИДЕО)
Фото: Instagram/sultankyzy
769

Ләйлә Сұлтанқызы анасының ақыл айтқан видеосын көпшілік назарына ұсынды, деп жазды turkystan.kz.

Әңгіме шаңырақ көтерген ер мен әйел адамның арасындағы қарым–қатынас жайлы өрбіген.

“Ерлі-зайыптылар, мүмкін болса, бір-бірлеріңізден ештеңе жасырмай, жақсы әрі достық қарым-қатынаста өмір сүрсеңіздерші. Балалық дос дейді, орта буындық дос дейді, сыныптас дос дейді, жора-жолдастар деп жатамыз. Кейіннен ерлі-зайыпты болып, үйленіп, отау құрғаннан кейін жолдастар болады. Ең жақын досы өз жары мен ері: сырларын бірге айтады, отырып бірге шешеді, қатты сөйлеп қалса, жары кешірімді болады", – деді Ләйлә Сұлтанқызының анасы. 

Сонымен қатар телепродюсер анасының ойын толықтырып, жазба жариялаған.

"Ең жақын дос – өмірлік серігің. Дастарқан басында үлкендердің әңгімесі тұнып тұрған философия ғой. Анамның әр әңгімесіне қайталаңызшы-қайталаңызшы деп осылай жазып алуға тырысамын. Мұның бәрі естелік, тарих. Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат – таусылмайтын әңгіме", – деп ойын түйіндеді журналист. 

Серіктес жаңалықтары