759
Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтың тойда ән айтып жүрген видеосы тарады
Алматының бұрынғы әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілікті.
Алматы қаласының экс-әкімінің «МұзАрт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевпен бірге ән салған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Танымал азаматтар Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Қайран менің жүрегім» әнін орындаған.
Олардың бұл өнеріне қатысты «Керемет орындау», «Елім», «халқым», «әрбір қазақ – жалғызым» дейтін білікті маман», «Тойға шығып кеткен бе?», «Әу» демейтін қазақ жоқ», «Жұп болсын, Ахметжан аға» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.