Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты математиктердің үштігіне кірді

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты математиктердің үштігіне кірді
Оқу-ағарту министрлігі
795

Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды.

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола бар.

Жан Даутов — Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;

 Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

 Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;

Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.

Жетекшілері – PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов. 

Серіктес жаңалықтары