638
«Қазгидромет» мамандары сел қаупіне мониторинг жүргізуді бастады
Бұған дейін мамандары Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
«Қазгидромет» мамандары мамырдан қыркүйек айына дейін созылатын сел қауіпінің күшеюіне байланысты Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан болатын сел қаупіне мониторинг жүргізіп жатыр.
«Күн сайын консультациялар, болжамдар және ауа райына байланысты ескертулер қоса жүретін сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға және халыққа таратылымдар мен интернет-портал арқылы беріледі. Барлық деректер «Қазгидромет» РМК сайтында қолжетімді», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Еске салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.