Алматы облысында сарбазды аспанға оқ атып қарсы алғандар ұсталды

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы облысында сарбазды аспанға оқ атып қарсы алғандар ұсталды
видеодан кадр
896

Алматы облысында әскерден келген сарбазды аспанға оқ атып күтіп алған, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуірде Қарасай ауданының Көксай ауылында оқ атып, жастар тарапынан жасалған бұзақылық әрекет фактісі анықталды.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.
 

«Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Екі жас бала уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары