Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
egemen.kz
774

«Қазгидромет» РМК 4-6 мамырға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік және батыс аймақтарына қайтадан арктикалық салқын келеді. Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен кезектесуі Қазақстан аумағында жауын-шашынды және ауыспалы ауа райына алып келеді.

«Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында термометрлер көрсеткіші төмендейді. Жауынның арты қарға ұласуы ықтимал. Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Бірақ көктемгідей жылы ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары