Алматы облысында есірткіге мас ер адам көлік ұрлап кеткен

әркіленген BMW арнайы тұраққа қойылып, күдікті жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізіллі.

Алматы облысында есірткіге мас ер адам көлік ұрлап кеткен
ktk.kz
698

Алматы облысында есірткіге мас күйде көлік ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Алматы облысының полицейлері BMW автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 21 жастағы ер адамды ұстады. Ол есірткіге масаң күйде болған.

«Жарияланған «Тосқауыл» жоспары барысында автокөлік ұрлаған азамат Алматы – Өскемен тас жолында ұсталды. Бағдарға сәйкес, Алматы қаласында белгісіз адам BMW автокөлігін айдап әкетіп, мегаполис шекарасынан шығып, ізін суытқан. Патрульдік полицейлер Қонаев қаласы бағытында үлкен жылдамдықпен қозғалып келе жатқан ұрланған шетелдік көлікті байқаған. Алматы облысының тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, Алматы – Өскемен тас жолының 19 шақырымында оны тоқтауға мәжбүр еттіп, ұстады», – деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Медициналық куәландыру ұсталған адамның есірткіге масаң күйде болғанын растады. Күдіктінің автокөлікті басқаруға құқық беретін қандай да бір құжаттары болмаған.

Тәркіленген BMW арнайы тұраққа қойылып, күдікті жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізіллі. Автокөлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Осы жылы Алматы облысының полицейлері ұрланған 36 автокөлікті тауып, заңды иелеріне қайтарды. 16 дерек бойынша қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді», – деп толықтырды Бауыржан Әленов.
 

Серіктес жаңалықтары