Үсік жүріп, жаңбыр жауады: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы
5 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» мамырдың 5-і күнгі ауа райына болжам жасады, деп жазады turkystan.kz.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде елдің солтүстігінде жауын – шашын болады, елдің оңтүстігінде, күндіз елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Елдің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман түседі. Түнде Ақтөбе, Қостанай облыстарында 1-6 градус үсік жүреді. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының батысында 3 градус үсік күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.