Мамыр айында еліміздің қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?
Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептелген
Синоптиктер мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сәуірде жауған жауын-шашынды және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятыны айтылды.
Құрғақшылық күтілетін өңірлер:
Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;
Қостанай облысының Амангелді ауданында;
Қарағанды облысының Шет ауданында.
Бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады:
Қостанай облысының Қарасу ауданында;
Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;
Павлодар облысының Ақтоғай, Успенка аудандарында және Павлодар қаласының маңайында;
Батыс Қазақстан облысында Бурлин, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептелген.