Қырғызстандағы қайғылы оқиға: 12 полиция қызметкері жазаланды

Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен оның орынбасары, оқиға болған ауданға қызмет көрсететін Октябрь кенттік полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды

Қырғызстандағы қайғылы оқиға: 12 полиция қызметкері жазаланды
Видеодан алынған кадр
2253

Қырғыз елінде болған оқушыларға жүк көлігінің соғылу оқиғасына қатысты ведомствоаралық комиссияның тексеру нәтижелері жарияланды. Оның қорытындысы бойынша ҚР ІІМ-нің 12 қызметкері жазаланды, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жалал-Абад облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені және тиісті профилактикалық жұмыстарды жүргізбегені үшін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен оның орынбасары, сондай-ақ оқиға болған ауданға қызмет көрсететін Октябрь кенттік полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Жалал-Абад облыстық ішкі істер департаментінің басшылары мен Созақ аудандық ішкі істер департаментінің жол қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылды. 

Бұған дейін Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Жерге-Тал ауылында болған оқиға бойынша Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасына сәйкес комиссия құрылып, оның құрамына тиісті бейінді министрліктердің, Президент Әкімшілігінің өкілдері кіргені хабарланған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні Созақта "Манас" эпосының 1 000 жылдығына арналған аудандық деңгейдегі мектеп флешмобын өткізу кезінде жүргізушінің бақылауынсыз тау төбесінде тұрған шағын балмұздақ жүк көлігі орнынан қозғалып, бір топ баланы қағып кеткен болатын. 

Серіктес жаңалықтары