Алматыда нөсер жауып, салдарынан су тасқыны болуы мүмкін

Тасқынның алдын алу және жою үшін 52 жедел мобильді бригада кезекшілігі ұйымдастырылады

Алматыда нөсер жауып, салдарынан су тасқыны болуы мүмкін
pixabay
736

Алматы қаласында 5 мамырда шамамен сағат 18:00-ден бастап 6 мамыр таңға дейін жаңбыр жауады деп болжанып отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жауын-шашын кезінде су тасқыны болуы мүмкін. Сондықтан тасқынның алдын алу және жою үшін 52 жедел мобильді бригада кезекшілігі ұйымдастырылады. 

1,9 мың қап құм дайындалды. Жауын-шашын кезінде барлығы 318 арнайы техника мен 1200 жұмысшы жұмылдырылады. Қазіргі уақытта 320 жұмысшы мен 92 арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа арналған жерлерді тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлады әкімдіктен.

Серіктес жаңалықтары