888
Бурабайда астаналық жасөспірім қаза тапты
Қазір осы дерек бойынша іс қозғалды.
Бурабай курортына саяхатқа келген астаналық жасөспірім оқыс оқиғадан көз жұмды.
Ақмола облысы ПД кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғанын растады. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалды.
«Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай, бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Соның салдарынан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары қолға алынды», — деді ведомстводан.