780
Мереке күндері елімізде қандай ауа райы болады?
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның барлық өңірлерінде күн жылынады.
«Қазгидромет» РМК мамандары 7-9 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Өзбекстан аудандарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық өңірлеріне жылу әкеледі.
«Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде теріс температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометрлердің бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді. Бірақ батыс аймақтарда ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Оңтүстік циклонымен жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін», - делінген хабарламада.
Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.