77 млн теңге қарызы бар шымкенттік жүргізуші ұсталды

Темір тұлпар айыптұраққа қойылды.

77 млн теңге қарызы бар шымкенттік жүргізуші ұсталды
egemen.kz
572

«Қорғау» бағдарламасы арқылы Шымкент қаласы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды.  Бұл туралы turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Hyundai» маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 77 миллион теңге берешегі бар екені анықталды.

«Түркістан көшесіндегі көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды. Төлеуден жалтарған азаматқа борыштарын өтеу туралы ескертілді. Ал темір тұлпар айыптұраққа қойылды. Азамат оны қарыздарын төлеген соң қайтара алады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Серіктес жаңалықтары