«Бетіңе қарап күліп тұрады»: Айтыскер Сара Тоқтамысова Вьетнамдағы саяхаты жайлы жазба жариялады

Вьетнамда демалып жүрген Сара Тоқтамысова оқырмандарын қызықтырып қойды.

«Бетіңе қарап күліп тұрады»: Айтыскер Сара Тоқтамысова Вьетнамдағы саяхаты жайлы жазба жариялады
Фото: instagram: sarkanai
749

Айтыскер әлеуметтік желідегі оқырмандарына шетелге қалай шығу керегі туралы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Арамыздағы сары бала күнге ерекше күйді. Мен өзім де қара қызбын, күнге күйіп қара нәсілді адамдардың арғы жақ, бергі жағы болдым (күліп). Жалпы бізге Вьетнам ұнады. Адамдары да жұмсақ екен. Жайдан-жай бетіңе қарап күліп тұрады. Егер осы жаққа келуді жоспарлап жүрсеңіз, дәл осы сәуір-мамыр айында келген жақсы. Бұл кезді «Бархатный маусым» деп атайды екен. Алғаш келгенде бәрі таңсық болады. Ал 1-2 күнде үйреніп қаласыз. Сондықтан алғаш келгенде тур агенттіктеріңіздің сол жақтағы өкілдері Вьетнамдағы әр жердің видео-фотосымен қызықтырып сізге өз бағасынан өте жоғары баға ұсынып, сол бағаға сіздерге экскурсия ұйымдастырамыз деуі мүмкін. Сол себепті бірден ақшаңызды бере салмаңыз. Алдына ала төлем жасап қойсаңыз, кейін белгілі жағдаймен ойыңыздан айнып қалсаңыз, ақшаңыздың 50%-ы ғана қайтарылады. Google аудармасын қосып алыңыз. Өте қажет болады. Мәселен, біз басында тіл білмегендіктен қала ішіндегі сауда орындарына өзіміз бара алмаймыз-ау деп ойладық. Кейін Google аудармасын қолданып өзіміз шығып кеттік. Біз барған Ничанг қаласында бір нүктеден екінші нүктеге дейін 100.000 донг (солардың ақшасымен) яғни 5$ алды», - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Сондай-ақ ол оқырмандарына шетелге саяхаттау кезде ескеру керек жағдаяттар туралы айтып берді.

Серіктес жаңалықтары