Павлодар маңындағы орманнан үй-жайы жоқ алты балалы отбасы табылды

Балалар мен олардың анасы Павлодар облысы балалар ауруханасына жатқызылған.

Павлодар маңындағы орманнан үй-жайы жоқ алты балалы отбасы табылды
в
2321

Павлодар облысы Кемеңгер ауылында жерде ұйықтап жатқан 6 бала мен ата-анасының жай күйі тұрғындардың жағасын ұстатты. Айдаладағы бұл көріністі жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кадрда әйелдің отбасы Павлодарда үй жалдап тұрғанын, үй иесі оны сатып жібергенін және олар Красноармейка, қазіргі Кемеңгер ауылына келгенін айтқан.

Отбасын тапқан тұрғын олардың ауылдан бірнеше шақырым жерде тұрақтағанын байқаған. Ал орман ішіне қалай жеткендерін сұрағанда, әйел балалармен серуендеп келгенін айтқан.

"Шынымды айтайын, бәрі менің балаларым. Біз олармен әлі серуендеуіміз керек. Біз қазір тұрып, ары қарай жүреміз", – деп түсіндірді әйел. 

Сөз арасында анасы балаларының біреуінің аутизммен ауыратынын айтып қалды.

"Бізді ешкім естімесін деп әдейі кетіп жатырмыз", – деп түсіндірді әкесі.

Бейнежазбаны түсірген ер адам балалардың бірінің бетіне неліктен қан кеткенін сұрағанда әйел абдырап, анық жауап бере алмаған.

"Біз серуендеп жүрдік, сосын балалар ұйықтап қалды. Күн ысып кеткендіктен бетін күйдіріп алды. Біз енді жолға шығып, Красноармейкаға ораламыз. Балам бутерброд жегісі келгендіктен аялдауды жөн көрдік", – деді әйел.

Белгілі болғандай, балалардың ең кішісі 1 жаста, үлкені 8 жаста. Анасы мен балалары ауруханаға жеткізілді. Кемеңгер кентінің әкімдігінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар орман ішінен көпбалалы отбасын тапты. Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"2016-2023 жылдары туылған алты баланы тәрбиелеп отырған шетелдік азаматтардың отбасы анықталды. Балалар мемлекеттік органдарда тіркелмеген: олардың туу туралы куәлігі жоқ, денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне бекітілмеген", – деді Павлодар облысы ішкі істер департаменті көші-қон қызметінің басшысы Дәулет Ысқақов.

Полицейдің айтуынша, балалар мен олардың анасы Павлодар облысы балалар ауруханасына жатқызылған.

"Қазір біз балаларға туу туралы куәлік пен ЖСН алуға, сондай-ақ елімізде уақытша тұруға рұқсат алуға көмектесеміз", – деді Ысқақов.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың жағдайы тұрақты, олар тамақтанбаған, бірақ дәрігерлердің бақылауын қажет етеді. Полицейлердің балалардың ата-анасы көрші елдердің азаматтары екенін атап өтті. Енді олардың бала-шағасымен Қазақстанға қашан келгені, қанша уақыттан бері келгені анықталып жатыр. 

 

Серіктес жаңалықтары