Өзара сөзге келген ақтаулық жастар қан-жоса болғанша төбелескен

Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзара сөзге келген ақтаулық жастар қан-жоса болғанша төбелескен
halyq-uni.kz
839

Ақтауда жастар төбелесінен кейінгі жайсыз жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Skifnews.kz ақпарат порталының мәліметінше, видео Instagram-дағы "112-Ақтау" парақшасында жарияланды. Көшеде тұрған бір көліктің сол жақ беттегі барлық әйнегі сынған, сондай-ақ маңдайшадағы үлкен әйнегі шытынаған. Көлікте және жерден қан дақтарын да көруге болады. Оқиға куәгерлері өзара сөзге келіп қалған төрт жастың төбелескенін айтады.  

"Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.  Қалған мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды", делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары