Ақтөбеде өз әжесін алдаған 18 жастағы жігіт сотталды

Ақтөбенің 18 жастағы тұрғынының қылмыс жасағаны анықталып отыр.

Ақтөбеде өз әжесін алдаған 18 жастағы жігіт сотталды
Сурет: pexels.com
1219

Ақтөбеде немересі әжесінің атына 628 мың теңгеге қарыз рәсімдеген, деп хабарлады turkystan.kz.

Зейнеткер бұл туралы банктен қоңырау шалғаннан кейін ғана білген. Жақын адамына алданған әйел қазір несиесін өтеп жатыр. Бұл ретте ол соттан немересін қатаң жазаламауды сұрады.

Немересі әжесінің сенімін пайдаланып, смартфонынан 40 мыңнан 208 мың теңгеге дейінгі онлайн-несие рәсімдеген. Осылайша, әйелде 628 мың теңге қарыз жиналған. 

Жас жігіт алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Жәбірленуші оны кешіріп, қатаң жазаламауды өтінді, тіпті несиені өзі төлейтінін айтқан. 18 жастағы азаматты бұрын тонау және ұрлық үшін ювеналды сот 5 жылға бас бостандығынан айырғаны белгілі болды. Сот бұл деректі алаяқтық үшін жаза тағайындау кезінде ескеріп, айыпталушыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары