Қызылордада екі адамды тоқ соғып, мерт болды

Департамент мамандары күнделікті өмірде және қоғамда электр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды

Қызылордада екі адамды тоқ соғып, мерт болды
Қызылорда облыстық ТЖД
2837

Қызылорда облысында темір құбырды манипулятормен көтерген кезде электр тогы соғып, екі адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жатқызылды, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, оқиға бүгін, 8 мамырда Шиелі кентінде болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына сағат 9:05-те ақпарат келіп түскен.

Сағат 8:20-да темір құбырды манипулятормен көтерген кезде (10 КВт жоғары вольтты сымға тиген) электр тогының соғуынан 2 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Олардың біреуі Қазақстанның 2000, екіншісі Өзбекстанның 1993 жылғы азаматтары екені анықталды. Ал 1993 жылы туған бір адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына ТЖ департаменті, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган, аудандық электр желісі компаниясының өкілдері барды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Департамент мамандары күнделікті өмірде және қоғамда электр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ережелерді бұзу өте қауіпті және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары