1529
Алматы маңында жол апатынан үш адам қаза болды
Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды
Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 41-шақырымында болды, деп жазады turkystan.kz.
Zakon.kz сайтының мәліметінше, Mitsubishi Lancer жүргізушісі рөлге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.
Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды.