834
9 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте бұрқасын, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін
«Қазгидромет» 9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің қиыр солтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте бұрқасын, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады.