Аманаттықтар соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ақтөбе облысының тумасы Рзағұл Байкешев 17 жасқа толған шағында Қарулы Күштер қатарына шақырылды. Ол Калинин облысы, Ржев және Великий Луг қалаларында шайқасты. Сондай-ақ ардагер Польша, Румыния және Венгрияны азат етуге қатысты. Отанына ефрейтор шенімен оралған.

Аманаттықтар соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады
«AMANAT» партиясы
675

Астанада Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев ардагер Рзағұл Байкешевке барып, айтулы мерекемен құттықтады.

«Соғыс батырларының ерліктері ұрпақтар жадында мәңгі қалады. Бүгінгі бейбіт өмір үшін біз ардагерлерге өмір бойы қарыздармыз. Егде жастағы адамдарға қамқорлық жасау – біздің басым міндеттеріміздің бірі. «AMANAT» партиясы әрқашан аға буынға құрметпен қарайды. Сіздерге денсаулық, елімізге амандық тілеймін», - деді Ержан Жылқыбаев.

1941 жылдың қазан айында Ақтөбе облысының тумасы Рзағұл Байкешев 17 жасқа толған шағында Қарулы Күштер қатарына шақырылды. Ол Калинин облысы, Ржев және Великий Луг қалаларында шайқасты. Сондай-ақ ардагер Польша, Румыния және Венгрияны азат етуге қатысты. Отанына ефрейтор шенімен оралды.

Соғыстан кейін ол Рождественка совхозында экспедитор болып жұмыс істеді. Соғыс батыры 1983 жылы зейнетке шықты. Екі ұл тәрбиелеп отыр, бес немересі мен жеті шөбересі бар. Ерен ерлігі үшін ардагер I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Маршал Г.К. Жуков» және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары