Qazaqstan Barysy Grand Slam: дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Алғашқы жарыс күні ерлер -60 және -66 кг дейінгі, ал әйелдер -48, -52, -57 кг дейінгі салмақта үздіктерді анықтайды.

Qazaqstan Barysy Grand Slam: дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Olympic.kz
725

Астанада өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысындағы қазақстандық татами шеберлерінің алғашқы қарсыластары анықталды.

Алғашқы жарыс күні ерлер -60 және -66 кг дейінгі, ал әйелдер -48, -52, -57 кг дейінгі салмақта үздіктерді анықтайды.

Қазақстан дзюдодошыларының алғашқы белдесудегі қарсыластары мынадай:

-60 кг:
Елдос Сметов - Родриго Коста Лопес (Португалия)
Мағжан Шамшадин - Нәзір Талибов (Әзірбайжан) / Джонатан Чарон (Куба)
Шерзод Давлатов - Мендсайхан Ниамсурен (Моңғолия)
Дәурен Суюкенов - Ахмад Юсифов (Әзербайжан)

-66 кг:
Ғұсман Қырғызбаев - Оскар Пертелсон (Эстония)
Жанарыс Рахметқали - Томас Джаффар (Франция)
Есет Қуанов - Матан Коколаев (Израиль)
Нұрсұлтан Зайзағалиев - Мұхаммед Демирель (Түркия)

-48 кг:
Ғалия Тынбаева - Омайма Бедиоу (Тунис)
Диана Буркеева - Една Каррийо (Мексика)
Жібек Жақсыбай - Лейла Алиева (Әзербайжан)
Алира Шегелекова - Катарина Танзер (Аустрия)

-52 кг:
Толғанай Әбеуова - Фабиенне Кочер (Швейцария)
Алима Жұмағалиева - Марина Диес Кастейо (Испания)
Балнұр Әбдешова - Сита Кадамбоева (Өзбекстан)
Аружан Ережепова - Александра Калета (Польша)

-57 кг:
Бақыт Құсақбаева - Арлета Подолак (Польша)
Дана Әбдірова - Майса Пардаева (Түркменстан)
Ұлдана Усейн - Джайон Эквисоайн (Испания)
Дина Мұханбет - Фидан Ализада (Әзірбайжан).

Бұл бәсекенің нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді.

Атап айтқанда, І орын үшін 1 000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептеледі. 
Байрақты дода 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңындағы соңғы лицензиялық Grand Slam жарысы болмақ.

Серіктес жаңалықтары