526
Қостанай облысында бір күнде 2 көлік өртеніп кетті
Екі жағдайда да қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қостанай облысында бір күнде екі көлік өртке оранды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қостанайда таңертең жеңіл автокөліктің мотор бөлімі мен салоны жанып кетті. Өрт құтқарушылардың күшімен 20 минут ішінде сөндірілді.
Екінші оқиға Рудный қаласында болды. Автокөліктегі өрт 13 минут ішінде сөндірілді.
«Екі жағдайда да қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.