Париж-2024: Орталық Азия елдерінде қанша жолдама бар?
Орталық Азия елдерінде жолдама саны жағынан кім көш бастап тұр?
Париж Олимпиадасының басталуына санаулы уақыт қалды. Төртжылдықтың басты додасында 205 елден келген 10 мыңға жуық атлет спорттың 32 түрінен сынға түседі. Осы ретте Asiaplus агенттігі Орталық Азия елдерінің қоржынында қанша жолдама барын тізіп шығыпты.
Өзбекстан – 60 жолдама
Бұл тізімде көш басында Өзбекстан көш бастап тұр.
Өзбекстан құрамасы садақ ату, жеңіл атлетика, бокс, велоспорт, суға секіру, семсерлесу, гимнастика, қазіргі бессайыс, таэквон-до және күрес секілді спорт түрлерінен 60 жолдама иеленген.
Қазақстан – 50 жолдама
Қазір Қазақстан құрамасында 13 спорт түрінен, атап айтсақ бокс, нысана көздеу, садақ ату, спорттық гиманстика, батут, семсерлесу, велошоссе, қазіргі бессайыс, таэквон-до және күрес түрлерінен жолдама бар.
Қырғыз Республикасы – 9 жолдама
Қырғыз Республикасының атлеттерінде күрес және жүзу спортынан 9 жолдама бар. 12 спорт түрі бойынша әлі 30 жолдама иелену жоспарланып отыр.
Тәжікстан – 4 жолдама
Қазір Тәжікстан құрамасында 2 спорт түрі бойынша 4 жолдама бар. Сонымен қатар оларда халықаралық федерациялар арнайы бөлінген 3 квота (жүзуде 2, жеңіл атлетикада 1 ) тағы бар. Аталған елде әзірше Олимпиадаға 7 спортшы бару мүмкіндігіне ие.
Түрікменстан – 1 жолдама
Түрікменстан командасында әзірше 1 ғана спорт түрі – ауыр атлетика бойынша жолдама бар.
Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындары 26 маусым-11 тамыз аралығында өтеді.