Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы сотталды
Сурет: stan.kz
933

2024 жылғы 25 сәуірде Ақтау қалалық соты облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айнұр Манкешоваға және «Аско Сервис Шетпе» ЖШС өкілі Айдарбек Атадусовқа қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған тұлғалар мектеп құрылысына техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғанына 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Манкешова 3,5 жылға, Атадусов 2 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

 

Серіктес жаңалықтары