Қызылордада дәмхана өртеніп, 14 адам эвакуацияланды

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр

Қызылордада дәмхана өртеніп, 14 адам эвакуацияланды
ТЖМ
1533

Қызылорда қаласында 11 мамырда таңертең бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханадан өрт шықты. Өрт кезінде құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, өрт шыққан дәмхана бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ маршымен тұрғындарды эвакуациялады.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары