820
13 жастағы Айару Алтынбек шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы атанды
Әлемдік жарысқа Перу, Қазақстан, Эквадор, Боливия, Мексика, Колумбия және Моңғолияны қосқанда, 26 елден 1 174 жас шахматшыдан өтініш түскен
Перу астанасы Лима қаласында классикалық шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионатында астаналық Айару Алтынбек алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Елордадағы №9 "Зерде" мамандандырылған мектебінің оқушысы А.Алтынбек 13 жасқа дейінгілер арасында жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.
Ең жоғары рейтингілік ұпайы (1 868) бар шахматшы соңғы турды да сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады.
Сөйтіп күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті.
Айару қазіргі кезде гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады.
Әлемдік жарысқа Перу, Қазақстан, Эквадор, Боливия, Мексика, Колумбия және Моңғолияны қосқанда, 26 елден 1 174 жас шахматшыдан өтініш түскен.