Семейде алты адам лифт шахтасына құлап кеткен

14 қабатты үйдегі жедел сатының жұмыс істеп тұрғанына 34 жыл болған

Семейде алты адам лифт шахтасына құлап кеткен
Daryo
718

Семейде лифт шахтасына құлап зардап шеккен алты адамның үшеуі ауруханада жатыр, деп жазады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Олардың аяғы бірнеше жерден сынған. Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер.

Ал оқиға 8 мамыр күні болған. Алты адамның салмағын көтермеген лифт шахтаға құлап кетті. Апаттың нақты неден болғанын мамандар анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалып тергеу басталған. 14 қабатты үйдегі жедел сатының жұмыс істеп тұрғанына 34 жыл болған.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел саты ортақ мүлікке жатады. Тұрғын үй қатынастар заңының 2-бабының 14-тармағына сәйкес енді тұрғындар өздері жедел сатыға күрделі жөндеу жүргізуі керек, - дейді Семей тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Серік Байділданов.

Серіктес жаңалықтары