Атырауда тасқын суы 18 мың гектар шабындық алқабын суаруға жіберілді

Тасқын суын қауіпсіз өткізу мақсатында Бақсай каналы бойындағы құбырлар мен бөгеттер алынып тасталды

Атырауда тасқын суы 18 мың гектар шабындық алқабын суаруға жіберілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі
904

Атырау облысы бойынша «Қазсушар» мамандары Ойыл өзені арқылы келген тасқын суын өңірдегі 18 мың гектардан астам шабындық алқабын суаруға жіберді. Осының нәтижесінде Ойыл өзеніндегі су деңгейі төмендеді, деп жазады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал Жайық өзені арқылы келген тасқын суын Бақсай, Нарын, Сарыөзек және Соколок каналдары арқылы суару-суландыру жүйелеріне, лимандарға және Каспий теңізіне бағыттау жұмысы жүріп жатыр.

Сарыөзек каналының тасқын суын қабылдайтын арнасы тазартылып, қорғаныс бөгеті нығайтылды. Каналдың төменгі бөлігінен жаңадан 4,2 шақырым канал тұрғызылып, Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылдық округінің аумағындағы 1500 гектар шабындық алқабы суарылды. Сарыөзек арқылы да тасқын суы Каспий теңізіне бағытталады.

Тасқын суын қауіпсіз өткізу мақсатында Бақсай каналы бойындағы құбырлар мен бөгеттер алынып тасталды. Суды теңізге жіберу үшін жаңадан 4 шақырым канал тұрғызылып, Нарын каналының бас бөлігінің арнасы тазартылды. Бүгінгі күні канал бойындағы 4,5 гектар шабындық алқабын тасқын суымен суару жұмысы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта негізгі мақсаттардың бірі – тасқын суын тиімді пайдалану. Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне шамамен 1 млрд текше метрден астам су жіберілді. Сондай-ақ, көлдерді, лимандарды және жерасты суларының орындарын толтыру үшін де су жіберіліп жатыр, - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Серіктес жаңалықтары