Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, 2 адам қаза болды

Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабын елемей, қуғын-сүргіннен қашып құтылуға тырысады

Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, 2 адам қаза болды
Видеодан алынған кадр
1000

Алматы облысының Іле ауданында жүк көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл жайында Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауырдан Әленов хабарлады.

Оның айтуынша, 12 мамырға қараған түні Байсерке ауылын патрульдеу кезінде «Беркут-35» экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас болуы мүмкін екеніне күмәнданған.

Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабын елемей, қуғын-сүргіннен қашып құтылуға тырысады.

Салдарынан жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам қатты жылдамдықпен автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті. 

«Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес құқық бұзушы көлікті орта дәрежеде мас күйінде басқарған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұрақта» дейді полиция департаментінің бастығы. 

Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары