1290
Жайық өзенінің суы бесінші күн қатарынан көтеріліп жатыр
Су тасқынына қарсы үйінді бөгеттер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді
Атырау облысында Жайықтан келген суға қарсы жұмыс жалғасып жатыр, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Су тасқынына қарсы үйінді бөгеттер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді.
Төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп отыр.
ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, бөгеттерді көзбен шолып тексерді.
Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су үздіксіз келіп жатыр.