Қазақстанда жаңа дрон факультеті ашылады

Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайтын болады

Қазақстанда жаңа дрон факультеті ашылады
24.kz
926

Мұндай келісімге еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі делегациясының Оңтүстік Кореяға сапары барысында қол жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Делегация мүшелері 3 күн ішінде Корея үкіметінің мүшелерімен, ірі компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізіп, Джей және Шинхан университеттерінде болды. Онда олар дәріске қатысып, дрондарды жасау үшін инженерлерді оқыту үдерісімен танысты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, әзірге Қазақстанда екі университетте ғана дрондар кафедралары бар. Енді Джей университетінің көмегімен тағы бір факультет ашылмақ. Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайтын болады. 

Джей академиясында жоғарғы сынып оқушыларынан бастап нақты өндірісте жұмыс істейтін адамдарға дейін арнайы соларға мамандырылған бағдарламалар бар. Соларды қолдана отырып, мамандарды дайындайтын боламыз. Алдағы уақытта Джей университеті Қазақстанға келіп, біздің университеттерімізді аралап, техникалық университеттерімізді, олардың ішінен өздеріне әріптес таңдайтын болады. Нақты технологияларды бізге беруге, компетенцияны бізге беруге дайын. Ол – осы кореялық тарап және арнайы дрон мәселесі түркиялық тарап, - дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков.

Серіктес жаңалықтары