931
Петропавлда су астында қалған үйден ер адамның мәйіті табылды
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.
Петропавлдағы Подгора ықшамауданын су басып қалған еді. Су тартылған соң үйлердің бірінен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Мәйітті сүңгуірлер тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.
“Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер денесінде жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция.