Алматы-Нөкіс әуе бағытында жаңа рейс ашылады
Бұл туралы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.
Өзбекстанмен жаңа бағыт ашылды және Қазақстаннан халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567-ге жетті.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.
«Осылайша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жаңа Алматы-Нүкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық Эйрбас-А320 ұшағында орындалады», - делінген хабарламада.
Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Осылайша, Қазақстан Республикасынан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.