Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілуде

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
NUR.KZ/Владимир Третьяков
807

«Қазгидромет» РМК 14-16 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады.

«Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай соғуы мүмкін және қатты жел күшейеді. 14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 16 мамырдан бастап солтүстік-батыс енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары