TURAQTY JOL республикалық фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды

TURAQTY JOL фестивалі финалистерге өз жобаларын кеңейтуге және Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешуге үлес қосуға бірегей мүмкіндік берді.

TURAQTY JOL республикалық фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды
602

2024 жылғы 11 мамыр күні Алматы қаласында TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында Республикалық экологиялық идеялар мен жобалар Фестивалінің финалы өтті.

TURAQTY JOL – бұл мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама.

Экологиялық идеялар мен жобалардың республикалық фестивалі TURAQTY JOL кезеңдерінің бірінің басты мақсаты 16-35 жас аралығындағы жастардың ел ішіндегі ағымдағы экологиялық проблемалар туралы хабардарлығын арттыру және оларды шешу жолдарын іздеу болып табылады. 300-ден астам өтінім арасынан 10 финалист команда іріктеліп алынды, олар сарапшылармен онлайн оқытудан өтті. Финалистер іс-шараның ақтық кезеңіне жалпы 15 миллион теңге көлемінде жүлде қоры үшін бақтарын сынауға келді. Фестивальдің қазылар алқасы командалардың презентацияларын бағалады және экологиялық жобаларды жүзеге асыру жолын жалғастыру үшін қаржылық қолдау алған үздік командаларды таңдады. Биылғы жылдың айрықша ерекшелігі – TURAQTY JOL жобасының финалына мектеп оқушылар командалары өтті.

"TURAQTY JOL 2020 жылы басталғаннан бері он мыңға жуық қатысушыны жинап, тұрақты даму үшін ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы басым міндеттерінің бірін шешуге бағытталған негізгі бастамасы болып табылады. Бұл бастама жастардың дүниетанымының өзгеруіне ықпал етіп, экологияны сақтау мәселелеріне қоғамдық назар аударатынына сенімдімін", – деп Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Президенті Болат Ақшолақов атап өтті.

Сараптамалық топтың бағалауының қорытындысы бойынша фестиваль жеңімпаздары анықталды. Өсімдіктерді өсіруге арналған инновациялық жүйені ұсынатын MUNARA жобасы лайықты бірінші орынға ие болды және 6 миллион теңге көлеміндегі грантпен марапатталды. Екінші орын BEELIEVE жобасына бұйырды, бастама инновациялық ұяны әзірлеу және әлемнің кез келген нүктесінен омартаның жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді, команда 4 миллион теңге сомасына грант түрінде қолдау алды. Үшінші орын алған CARBONICK жобасы парниктік газдардан таза сутекті алу процесін зерттеу идеясын ұсынғаны үшін 3 миллион теңге көлемінде грант алды. Айта кету керек, JANARU және "OSKIN" командалары 1 миллион теңге көлемінде ынталандыру жүлделеріне ие болды.

MUNARA командасының капитаны Каукен Аружанның айтуынша, TURAQTY JOL фестивалі финалистерге өз жобаларын кеңейтуге және Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешуге үлес қосуға бірегей мүмкіндік берді. "Біз қарым-қатынас дағдыларымызды нығайтып қана қоймай, финалистер арасында жаңа достар тауып, сонымен қатар басқа жобалармен таныстық. Барлық қатысушылар өте дарынды екенің атап өткім келеді! TURAQTY JOL финалында өз тәжірибелерімен және кеңестерімен бөліскен сарапшылармен өтілген вебинарлар біз үшін ерекше құнды болды.  Кеңестер арқасында біз 6 миллион теңге көлемінде грант ұтып алып, жеңімпаз атандық. Біздің болашақ жоспарларымыз-қазылар алқасының барлық ұсыныстарын ескере отырып, жобаны іске асыру және жаңа биіктерге қарай жылжу! Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясына, сондай-ақ фестиваль серіктестері – ЦентрКредит Банкі мен «Шеврон» компаниясына миллиондаған адамдардың өмірін жақсарту және неғұрлым экологиялық тұрақты болашақ құру мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті Аружан Каукен.

TURAQTY JOL – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы.  Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қолдауымен өткізіледі. Жобаның ақпараттық серіктестері – "Alash Media Group" және "Nur Media" медиа холдингтері.

Серіктес жаңалықтары